Фототрофты микроорганизмдер
ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР (фото… және грек. throphe — қоректену) — жарықты клетка кешендерінің биосинтезі үшін пайдаланып, оның өсуін қамтамасыз ететін организмдер. Фототрофты микроорганизмдергеге жасыл және қарақошқыл бактериялар, цианбактериялар, прохлорофиттер (Prochlorales), кейбір галобактериялар (Halobacterіum), сондай-ақ көптеген эукариотты организмдер (диатомды, эвгленді, сарыжасыл балдырлар, т.б.) жатады. Барлық aфтотрофты микроорганизмдерде фотосинтез процесі өсімдіктердегідей, хлорофилдің қатысуымен жүреді. Тек галобактерияларда бұл қызметті белок кешені — бактериородопсин атқарады. Цианобактериялар мен балдырларда фотосинтез кезінде О2 бөлінеді, ал одан басқа фототрофты микроорганизмдер Н2О орнына сульфид, тиосульфат, Н2, органикалық заттарды пайдаланғандықтан О2 бөлінбейді. Көпшілік aототрофты микроорганизмдер — автотрофтар. Бірақ кейбір aототрофты микроорганизмдер (мыс. галобактериялар, т.б.) органикалық қосылыстарды белсенді түрде ассимициялайды (қ. Анаболдану). Көптеген фототрофты организмдер молекулалық азотты сіңіреді. Фототрофты микроорганизмдер негізінен су қоймаларында кең тараған. Бұлар органикалық заттардың жиналуында, сондай-ақ табиғаттағы күкірт пен азот айналымында үлкен рөл атқарады.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|