Directory

Уикиқайнар — Уикипедия Мазмұнға өту

Уикиқайнар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уикиқайнар
ағылш. Wikisource
Уикиқайнар логотипі
Уикиқайнар логотипі
URL

www.wikisource.org

Коммерциялық

жоқ

Сайттың түрі

электрондық кітапхана

Тіркелу

міндетті емес

Сервердің орналасқан жері

Майами

Иесі

Уикимедиа қоры

Авторы

Қатысушылар

Уикиқайнар (ағылш. Wikisource) — ашық кітапхана — «Уикимедиа» қорының коммерциялық емес жобасы. Бұл жобаның мақсаты барлық тілдерде қолжетімді мәтіндерді қамтамасыз ететін, әрдайым толықтырылып отыратын электрондық кітапхана құру. Жоба өз жұмысын 2003 жыл маусымның 20 бастап атқаруда.

Уикиқайнардың қазіргі кездегі көлемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жобаның статистика бетінде көрсетілген ақпарат бойынша[1], 2013 жылдың 31 мамыр айында 48 тілдік бөлім болды, олардың ішінде ең көлемдісі болғандары:

  1. Орыс тіліндегі бөлім — 251 427 мақала,
  2. Ағылшын тіліндегі бөлім — 226 519 мақала,
  3. Француз тіліндегі бөлім — 100 314 мақала,
  4. Португал тіліндегі бөлім — 88 624 мақала,
  5. Неміс тіліндегі бөлім — 74 001 мақала.

Ал мета-уики ақпаратты бойынша[2], 2013 жылдың 5 шілдесінде Уикиқайнардың 63 тілдік бөлімі болды және алғашқы бестікке келесі бөлімдер еңді:

  1. Француз тіліндегі бөлім — 1 376 760 мақала,
  2. Ағылшын тіліндегі бөлім — 956 868 мақала,
  3. Неміс тіліндегі бөлім — 303 359 мақала,
  4. Орыс тіліндегі бөлім — 259 120 мақала,
  5. Итальян тіліндегі бөлім — 140 339 мақала.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Уикиқайнарлар статистикасы
  2. Meta-wiki: List of Wikisources

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]