Directory

Уикипедия:Сыпайылық — Уикипедия Мазмұнға өту

Уикипедия:Сыпайылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лақап:
УП:ЭҚ
УП:СЫПАЙЫ

Этикалық құлық, сыпайылық — мақалаларды өңдеу барысында ұстанатын, қандай да болмасын сұрақтарды талқылауда сонымен қатар қатысушыларға пікір жазу барысында ескерілетін, Уикипедияның барлық тарауларында қабылданған құлықтың жинақталған қағидасы. Әдепке жатпайтын іс-әрекеттер, қысқаша айтқанда, кикілжің мен шиеленісті жағдайларды тудыратын тұлғаға қатысты сипатталады. Уикипедияда қабылданған құлық қағидасы, барлық қатысушылардың бір-біріне қарым-қатынас барысында әдептілік танытуды талап етеді. Бұл Уикипедиядағы маңызды қағидалардың бірі.

Мәселенің қойылуы

Уикипедия ондағы мақалаларды жақсартуға қатысқысы келетін барлық ниет білдірушілерге ашық, алайда шынында сол немесе басқа өзгерістер мақаланы «жақсартуда» жиі пікірталасқа алып келеді. Кейде мұндай пікірталастарда баға беру жағдайындағы әділетсіздіктен бас тарту едәуір қиын. Қатысушылар оларға айырықша анық дәлелді өзгерістер енгізуге талпынғанымен кейде шамадан тыс қаталдықтар айтылады. Басқа жағынан алғанда кейбір қатысушылар мәтіндері басқа «жақсартылған» мақалалармен ауыстырылса да, егер бұл ретте айтылған мақаланың мағынасы тиянақты өзгертілсе де оған сезімталдықпен қарайласады.

Тақырыптан ауытқып кеткен пікірлерге қатысты өңдеулер немесе талқылау бетінде барлық жанды байланыс түрлерін бере алмайды, сондықтан да қате түсіндірмелер жиі ұшырасады. Алайда байқаусыз айтылған тұрпайы ескертпелер, мәселенің мәнін басқа жаққа бұратын қызу талқылауларға оңай алып келуі мүмкін. Кикілжіңге кіріп кеткен қатысушылар, «қарсыласын» «жеңуді» көбірек ойлап, мақалалармен жұмыс жасауды ұмытып кетеді. Берілген қағида ұқсас жәйттерден құтылу үшін шақырылған көмек.

Мысалдар

Теріс қылықтардың туындауына себепші болатын, құлықтың бірнеше типтік үлгілері

  • Өрескел, агрессияшыл тілдесу стилі. («Бұл жөнінде сіздің не ойлайтыныңыз мені қызықтырмайды»).
  • Әдейі жақтырмай пікірлесу, қарсы пікір білдірушіге неше түрлі "айдарлар" тағу ("националист", "мәңгүрт", "сталиншіл", ж.т.с.с. — яғни, белгілі бір пайымдауды сынаймын деп оны айтушы адамға қарсы өзінің жеке шабуылымен әрекет ету).
  • Өңдеушілерге арналған пікірлердегі тәрбиешілік сарын («Мағынасыздықты алып тастадым», «Қажетсіз қоқыстан тазарттым»).
  • Орфографиялық немесе грамматикалық қателіктер жібергені үшін қатысушыларды орынсыз айыптау (әлбетте егер мақаладағы саналы түрде енгізілген сауатсыз толықтырулар немесе өзгертулер хақында болса).
  • Уикипедиядағы қағида мен ереже бұзған жағдайдағы орынсыз айыптаулар
  • Мынандай мәтінді қамтитын ескертулерге «шектен шыққым келмейді, бірақ...», «дөрекілік деп қабылдамаңыз, бірақ» «жекеге өтіп кеткім келмейді, бірақ…»
  • Факт пен бұрмалаудан саналы түрде тыжырыну
  • Қарсы пікір білдірушіге «жалғандық» немесе «жала» жауып айыптау (мұндай айыптауларда тіпті олар әділетті болса да, мәселені шешудің орнына, одан әрі ушықтыра түседі)
  • Нормаланбаған лексикада қолдану[1].

Құлықтағы тым өрескел бұзылған мысалдар

  • Тәлкек қылу мен арандатушылық.
  • Басқа қатысушының мекенжайына дөрекілік білдіру, нәсілдік, ұлттық, діни және сексуалдық лақаптар мен ишараны қоса алғанда, жеке басына орынсыз шабуылдар.
  • Қатысушының жеке бетіндегі вандализм
  • Қатысушы атын/никін әдейі бұрмалап жазу.
  • Ерсі ұсыныстар мен ишаралар.

Этикалық құлықтың қағидаларының бұзылуына мысалы, сол уақытта жаңа мақала жазған қатысушыға «Егер сіз қажетсіз мақаланы жазуға әрекеттенсеңіз, ең болмағанда мүмкін ондағы орфографиялық қателерді алып тастайын шығарсыз?» деп айтса, оған «Араласпаңыз! Бұл сіздің жұмысыңыз емес» деген бір ғана тұрпайы ескертпе кикілжіңнің туындауына себеп болады.

Мұндай байланыс түрі жаңа келгендерді қорқытуы, жобаның маңызды міндеттерімен айналысатын қатысушыларды жұмысынан алаңдатуы және барлық қауым мүшелеріне өз залалдарын тигізуі мүмкін.

Этика қағидаларын бұзушы типтік жәйттер

  • Кикілжің өкілеттігімен байланысты түзету, өңдеу қақтығыстары мен жәйттері
  • Қауым қатысушыларының саны артқан сайын бір-бірімен сирек қиылысады, жобаның дамуы үшін сол немесе басқа қатысушыларға дұрыс баға беруге қабілеттілік танытпайды және олармен қажет болғанда дұрыс қарым-қатынаста болуды да қолдамайды. Бұдан басқа ірі қауымдастықта жиі өз жаман атағын жасыру оңайлықпен жүзеге асады.
  • Жобаға тым агрессияшыл жаңадан келген қатысушыға өзге қатысушылар дөрекі арандату жауаптарын қайтаруы мүмкін.

Көп жағдайда қатысушылар ұзақ уақытқа созылған кикілжің барысында әдепсіз сөздер айтып қалады. Ереже бойынша әдепсіз құлықтар пікір-таласты тоқтатып тастайды. Көп жағдайда қатысушы соңында жіберген өрескел қателіктері үшін өкінуі мүмкін. Егер ол (немесе басқа біреу) дөрекі пікірлерін алып тастағысы немесе оны қайта жұмсартқысы келсе оған бұл үшін қарсылық білдірудің қажеті жоқ.

Сонымен қатар назарда ұстайтын нәрсе әдепсіз құлықтардың туындаған себептері болуы мүмкін, мәселенің мәніне қатысы жоқ, өмірдегі мәселелерден шаршау, жай ғана нашар көңіл-күймен және басқалары, мұның барлығы өз кезегінде қатысушының өзінің немесе өзгенің сөзіне дұрыс баға беру қабілетіне ықпал етуі мүмкін.

Кейбір қатысушылар қарсы пікір білдірушілерді әдейілеп этикалық қағидалары бұзуға итермелеуі мүмкін, бұл ретте өздері қағиданы бұзу шегінен өтіп кетпейді. Мұндай құлықтар троллингтің бір түрі және әлбетте этикалық тәртіптерді бұзушы болып табылады.

Қарсылық білдірушіні істің мәнісінен аластату үшін болмаса белгілі бір мақаладан немесе мүлде Уикипедиядан кетуге мәжбүрлеуі үшін немесе қарсылық білдірушіні көпшілік алдындағы талқылауға немесе бұғаттауға ашық дөрекілік жасауға арандатуы үшін, кейде адам әдейі шамданған кейіп танытқан секілді өзін ұстайды. Мұндай жағдайларда бұзушыдан аяушылық болмаса кешірім күтуге болмайды.

Басқа тұсынан алғанда жеке қатысушылар күні бойы немесе ай бойы біреумен байқамай айтылған сөзге реніш білдіруге бейімделгіш келіп және «өзіне қатысты әділеттілікті орнатуға» талпынады.

Байланыс этикасы бұзылғанда қандай залал әкеледі?

Әдепсіз құлықтар:

  • Басқа қатысушыларды жәбірлейді, олардың мақаламен жұмыс жасауға деген ынтасын қайтарады.
  • Басқа қатысушылардың ашуын келтіріп, сындарлы емес пікірталастар тудырып, оларды өрескел және агрессиялық жауаптар қайтаруға арандатады.
  • Қарсылық білдірушіні үнемі өзгелердің жағымсыз пікірлерінің туындауына себеп болатын және келісімді қалыптастыруға тосқауыл қоюға алып келетін қорғаныс ұстанымдарды пайдалануға мәжбүрлейді.
  • Ақ ниетіне деген сенімін түсіріп, осындай жолмен, рұқсат берілген кикілжіңге және болашақта болуы мүмкін пікірталастарға тосқауыл қоюды.
  • Шындығында уақыт мақалаларды жақсартуға емес, ұрыс-керіске кетеді.
  • Адамдар қатысатын желілік қауымдастың ұғынысу мақсатының жойылуына әкеледі.
  • Уикипедияны мүмкін болатын қалтарысты сезімі бар жайсыз ынтымақтастығы жоқ ортаға айналдырады.

Ортақ ұсыныстар

Әдепке жатпайтын қылықтарды ескерту жөнінде

  • Қатысушылар арасында түзету, өңдеу қақтығыстарына және кикілжіннің өрішуіне жол бермеңіз.
  • Пайда болған шиеленісті басу және өршіп тұрған кикілжіңге кедергі жасау үшін, қажет болған жағадайда қарсылық білідірушіге үзіліс жасауды ұсыңыз. Осындай мақсатпен, берілген уақыт аралығында пайда болған даулы сұрақтарды байсалды түрде талқылау арқылы, әкімішілер, уақытша болса да мақалаларды редакциялаудан қорғай алуы мүмкін.
  • Дөрекілікке дөрекілікпен жауап қатпайтын немесе арандатушылыққа бармайтындардың іс-әрекетін мадақтаңыз.
  • Дөрекілік орын алған сайын мақұлдамау арқылы қауымға ықпал ету факторын пайдаланыңыз.
  • Ең бірінші кезекте орын алған кикілжіңнің мәнісіне көңіл аударыңыз, ымыраға келуді қарастырыңыз.
  • Кейбір қатысушыларға уақытша берілген тақырып аясындағы талқылаудан бас тартуға және үзілістен кейін қайта келуге және қайта ойлануға ұсыныс білдіріңіз. Мұндай ұсынысты кикілжіңді тудырушы екі жаққа жиі айтып отырыңыз.
  • Іс-әрекеттері этикалық құлықтың қағидаларының бұзылуына себепші болатын кейбір қолданушыларға белгіленген тақырыптарды редакциялаудан бас тартуға ұсыныс жасаңыз.
  • Бұзушылардан поштаны алып тастау үшін, пошта фильтрін пайдаланыңыз.
  • Уикипедия іспеттес жобаларда әдепсіз құлықтардан түгелдей дерлік арылу мүмкін емес, сондықтан да олардың іс-әрекеттеріне түсіністікпен қараңыз. Алайда бұзылған этикалық құлық қағидаларына өзіңіздің жеке тарапыңыздан бұзылған қарсы жауаптар қайтарудан абай болыңыз.
  • Жобаның дамуына лайықты үлес қосқан қатысушыларды мадақтаңыз.

Тұтас алғанда мынадай кеңес беруге болады: өз хабарламаңызды нұсқау ретінде емес, білетіндер немесе түсінетіндер үшін ескерту ретінде безендіруге тырысыңыз.

Әдепке жатпайтын құлықтардың залалын төмендету жөнінде

  • Кикілжіңді жұмсартуға тырысу арқылы сындарлы емес пікірлерге сындарлы кейіппен жауап беріңіз.
  • Қорлаған пікірлерге ешқандай әрекет етпеңіз, оларды ескермеңіз. Кикілжіңді күшейтпеңіз.
  • Егер жауап беріп қойсаңыз, одан әрі сыпайы және орынды етуге тырысыңыз. Көптеген қатысушылар ақырында мұндай жағдайда, сіздің талқылауды сыпай жүргізу стильіңізге қарап бой түзейді.
  • Саналы дөрекілікті ескермеңіз, ол жоқ секілді өзіңізді ұстаңыз — осылайша сіз бұзушы мен қауымдастық арасында өзіңіздің «қабырғаңызды» тұрғызуға мүмкіндігіңіз бар.
  • Уақытша кикілжің аймағынан көңіліңізді басқа жаққа аударыңыз: Уикипедия — үлкен жоба, мұндағы басқа нәрселермен шұғылданып, көңіліңіз тыншыған соң талас тудырған аймаққа қайта келуге болады.
  • Жобада ұзақ уақыт бірге жұмыс жасаған әріптестеріңіз секілді қатысушыларға да сәйкес құрметпен қарайласыңыз. Мынандай сөздерді қолдаңыз: «Рахмет», «Өтініш», «Кешіріңіз», «Біз екеуімізде жақсы болғанын қалайтынымызды мен білем, мәмлеге келейік» және, т.б
  • Қатысушының өңдеулеріндегі талқылауға өзіңіздің нашар қарым-қатынасыңызды енгізбеңіз.

Әдепке жатпайтын пікірлерді өшіру, жою

  • Талқылау бетіндегі дөрекі айтылуларды сызып тастаңыз немесе оларды сыпайы пікірлермен алмастырыңыз. (Басқалардың өңдеулерін өзгертуге — талқалаудың жалпы мәнін сақтау үшін тек анық және дөрекі тіл тигізіп, өзгені қорлаған кезде ғана болады. Басқа жағдайда өзге қатысушының мәлімдемесін, пікірін өзгертуге, өңдеуге болмайды).
  • Тұтастай дөрекі пікірлерден құралған ілікпе сөздерді жойыңыз. (Олар бәрібір өңдеу тарихында сақталады.)
  • Айырықша жағдайда дөрекілікті тұтастай жою үшін немесе өңдеудегі дөрекі пікірлерді алмастыру үшін әкімшіге көмек сұрап барыңыз.

Бұзушыларға ескерту

Егер этикалық қағиданы бұзу жалғаса берсе немесе дөрекілік түрі тағыда белең алса, онда талқылау бетіндегі қатысушыға үндеу салуға байқап көріңіз. Ең жақсысы беттің тарихынан нақты өңдеме сілтемесін (өңдемелердің айырмашылығы) келтіру керек.

Админдер мен бітімшіге арналған ұсыныстар

Кикілжіңнің мәнін түсіндіретін қандай да бір жекеленген мәселелердің тез қарастырылуы тұтастай алғанда кикілжің жағдайын төмендетуге көмектеседі, сондықтан да ең жақсысы бірінші кезекте күшті жұмылдыру керек.

Жағдайды түсіндіруге тырысыңыз

Кейбір қатысушылар өз мекенжайына келген, мәселенің мәніне тоқталуға кедергі келтіретін әдепсіз пікірлерге қынжылық танытады. Әлбетте олардың назарын этика бұзылған жағдайда, оны мақұлдауға болмайтынға аудару керек, алайда бұл пайда болған сұрақты қарастыруға кедергі жасамауы тиіс.

Қорланған қатысушы қарсылық білдіруші тарапынан айтылған сөздерді тікелей қабылдаудың қажеті жоқ және дау-жанжалды ұмыту жөнінде шешім қабылдауы керек екенін түсінген жөн.

Қисынсыз ілікпе сөздің басқаша айту

При осуществлении посредничества между конфликтующими сторонами посредством электронной почты посреднику (третьей, нейтральной стороне) для налаживания диалога иногда может быть полезно перефразировать неудачную реплику участника А так, чтобы его оппонент (участник Б) мог сосредоточиться только на её сути. Например, реплику участника А: «Я не позволю, чтобы неофашистские взгляды загрязняли Уикипедию!» можно перефразировать для участника Б таким образом: «Участник А обеспокоен тем, что вы, возможно, слишком много внимания уделяете какому-то одному подходу».

Әдепке жатпайтын ілікпе сөздің жойылуы

Егер кикілжің тудырушы екі жақта әкімшінің немесе бітімшінің ұсынуымен пікірталас барсында жіберілген дөрекі ескертпелерін өздігінен жоюға келісім берсе, бітімгершілік үрдісінің қорытындысы жаман болмайды. Мұндай іс-әрекеттер қауырттылықтың төмендеуіне, қатысушылардың бір-бірін тез кешіріп және дау-жанжалды ұмытуына себепші болады.

Кешірім

Кешірім тура алғанда мәселенің шешіміне де, бітімгершіліктің тәртіптеріне де қатысы жоқ. Алайда бұл белгілі жоралғылар әдетте екі жаққа бірдей жақсы қарым-қатынасты қайта орнатуға бағытталған, сондықтан да кешірім алдағы дау-жанжалсыз жұмысқа жақсы негіз ретінде қызмет көрсетуі мүмкін.

Кейбір қатысушылар үшін, жәбірленуші тарапынан сұралған кешірім өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да кешірім жиі кикілжіңнің шешуі кілті болып табылады. Егер қатысушылардың бірі әдепсіз іс-әрекет жасаса немесе пікір айтса, оған қарсылық білдірушіден табандылықпен кешірім сұрау ұсынылады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Абсенді лексикада қолданылған, оның ішінде оларды айқын эвфемизмдерді көрсететіндер, сол немесе басқа айтылулар кезінде, құрамында абсенді лексикалар бар, өзі талқылау пәні болып табылатын жағдайда ғана жіберіледі (жекелей алғанда ұйымдастырылған жолда әріп бөліктері көп нүктемен немесе астерискпен алмастыру). Абсенді лексиканың үлгілерінде қолданылған айтылулар, егер үлгілердегі ұқсас абсенді лексиканың қолдануынсыз алмастыруға мүмкін болмаған жағдайда ғана жіберіледі (иллюстрация идеяларына арналған ой тәжірибелері т.б). Қолданылған абсенді лексиканы күшейту экспрессиясына, ілікпе сөзге эмоциональды өң беруге, оның ішінде осы мақсаттағы абсенді лексикадағы дәйексөзге қолдануға қатаң тыйым салынады және ол бұғаттауға түсіп қалуы мүмкін.